Қазақстанда жалақы мен зейнетақы түсетін шоттар бұғаттан шығарылады
6–30 сәуір аралығында белгілі бір төлем түрлерін алуға арналған шоттардан бұғаттарды алып тастау науқаны жүргізіледі.
Астана, NEGE. Әділет министрлігі бұл шара Республикалық Жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп іске асырылып отырғанын хабарлады.
Министрлік мәліметінше, мынадай шоттар бұғаттан шығарылады:
- жалақыға;
- алиментке;
- зейнетақыға;
- мемлекеттік жәрдемақыларға арналған шоттар.
Ол үшін азаматтар Adilet.gov мобильдік қосымшасында тіркеліп, жеке сот орындаушысына шоттардан бұғатты алып тастау туралы өтініш беруі керек.
Шектеу тек растау құжаттары (жалақы түсетін шоты көрсетілген жұмыс орнынан анықтама, шоттың зейнетақылық екенін растайтын анықтама және т.б.) ұсынылған жағдайда ғана алынады.
Әділет министрлігі шоттарды бұғаттан шығару азаматтарды ақшаны өндіріп алу, айыппұлдар сияқты атқарушылық құжаттар бойынша талаптарды орындаудан босатпайтынын атап өтті.