Қазақстанда VIP нөмір алуға 11 мыңдай өтінім түскен

Бұл жөнінде брифингте жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

kolesa.kz

Астана, NEGE. Коняшкин Қазақстанда «әдемі нөмір» таңдау қызметі іске қосылғанын, алғашқы күндерде бұл қызметке сұраныс жоғары болғанын айтты.

«Кеше ел бойынша "әдемі нөмір" алуға шамамен 11 мың өтініш берілді. Осы қызмет түрі бойынша операциялық бағытта жұмыс істейтін операторлар саны арттырылды. Бүгін дүрбелең күтілмейді», – деп мәлімдеді бірінші вице-министр.

Оның сөзінше, бұл қызмет түріне тағы бірер күн сұраныс жоғары болуы мүмкін.

Сондай-ақ Коняшкин осы аптада VIP нөмірлерді eGov қосымшасы арқылы онлайн таңдау қызметін іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?