Қазақстанда USAID қызметі тексеріледі

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин хабарлады. 

rfi.fr

Алматы, NEGE. 2024 жылы Сыртқы істер министрлігі USAID қызметін егжей-тегжейлі зерттейтін, қаржы бөлінетін жобаларды, олардың мақсаттары мен нәтижелерге сәйкестігін талдайтын жұмыс тобын құрды.

«Атап айтқанда, USAID-тің елдегі стратегияларына зерттеу жүргізіледі. USAID-тің басқа ұйымдармен, соның ішінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасы USAID мақсаттарына ықтимал әсерін бағалау үшін зерттеледі. Сонымен қатар, жасырын схемаларды, қаражатты пайдаланудағы сәйкессіздіктерді және мүдделер қақтығысын анықтау үшін қаржылық талдау қажет», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ҚР Сыртқы істер министрлігіне берген мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылы екіжақты келісімдер аясында USAID қатысуымен 28 ұзақ мерзімді бағдарлама жүзеге асырылған. 2023–2024 жылдары агенттік экономика, энергетика, денсаулық сақтау, азаматтық қоғам және БАҚ салаларындағы жобаларға 26,5 миллион доллар бөлді. Кейбір бағдарламалар тек Қазақстанды ғана емес, Орталық Азияның басқа да елдерін қамтиды.

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Үкіметтік емес ұйымдардан бөлек мемлекеттік органдар да қаражат алған. 

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады