Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстанда тұратын ардагерлердің  әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

gov.kz

Астана, NEGE. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, қаражат жергілікті бюджет есебінен төленген.

Жалпы алғанда 32,9 мың адамға материалдық көмек көрсетілген. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың жұбайлары және т.б. бар.

Айта кетерлігі, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС қатысушыларының ай сайынғы жиынтық төлемі (зейнетақыны ескергенде) орта есеппен шамамен 290 мың теңге болды. Ал ҰОС кезеңінде мүгедектік алған азаматтар үшін бұл көрсеткіш 300 мың теңгеден асады.

Қаржылай көмектен бөлек, ардагерлерге тегін шипажайлық-курорттық емдеу, мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету және өзге де қолдау шаралары ұсынылады.

Сонымен қатар жергілікті деңгейде әкімдіктер тарапынан қосымша көмек көрсетіледі: тұрғын үйлерді жөндеу, дәрі-дәрмекпен, отынмен, азық-түлік жиынтықтарымен қамтамасыз ету және басқа да қолдау түрлері қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды