2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстанда Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

Мәжіліс тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заңды Мемлекет басшысының азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы тапсырмасын орындау мақсатымен Үкімет әзірледі.

Осы мақсатта «Отбасы Банкі» АҚ ұлттық даму институтына айналады. Тұрғын үйді орналастыру, есепке алу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан осы институтқа беріледі.

 Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар «Отбасы банкінің» екінші деңгейдегі банктер жүйесінде және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде сақталуына бағытталған түзетулер енгізді. Сондай-ақ банк қызметін лицензиялау жалғаса береді. Сонымен қатар «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жаңа электронды деректер базасы құрылады, онда баспанаға мұқтаж және «Отбасы банкінде» тіркелген азаматтар туралы мәліметтер қамтылады.

Бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алып, оны жекешелендіріп алған азаматтарды тіркеуден бас тарту нормасы енгізіледі. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ипотекалық несие алғандар да тіркелмейді.