Қазақстанда темекі қымбаттады

Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 50 теңгеге өсті.

freepik.com

Астана, NEGE. Қаржы министрінің «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап фильтрлі, фильтрсіз 20 дана сигаретке, папиросқа, сигариллаға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне арналған ең төмен бөлшек сауда бағасы 970 теңге болып белгіленді.

2025 жылдың шілде айынан бастап жылдың соңына дейін темекінің ең төменгі бағасы 920 теңге болған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді