Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

Енді такси қызметін ұсынушылар жергілікті атқарушы органға тасымалдаушы туралы ақпаратты ғана емес, көлік құралының маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін мен шығарылған жылын да көрсетуге міндеттеледі.

magnific.com

Астана, NEGE. Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушылардың хабарлама беру ережесіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Тасымалдаушы такси қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберуге міндетті болады.

Жаңартылған нысанда көлік құралы ауыстырылғанда және жаңадан көлік қосылғанда, яғни автопаркті жаңарту кезінде тиісті өзгеріс енгізуге болады.

Бұрынғы тәртіп бойынша, министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, тасымалдаушы белгілі бір көлік құралына тіркелмейтін.

«Бұл жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларға немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген жағдайда жауапты адамды анықтауды қиындататын. Осыған байланысты хабарлама нысаны көлік құралының маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін және шығарылған жылы туралы мәліметтермен толықтырылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Бұл шара жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне жауапты такси тасымалдаушысын жедел анықтауға, сондай-ақ нарыққа заңсыз қатысушылардың үлесін азайтуға мүмкіндік бермек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды