Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық және әкімшілік істер бойынша тағы да рақымшылық жасауды ұсынды.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл ұсынысын Президент жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында ортаға салды.

«Өздеріңізге мәлім, былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды. Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады», – деді ол.

Бұл ретте Мемлекет басшысы елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалғалы отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Парламентке қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауды тапсырды.

Президенттің айтуынша, бұл негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам болмақ. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына байланысты 15,1 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалған еді.

Қазір оқып жатыр

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі