Қазақстанда тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты

23 қаңтар күні Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқарып жүрген мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан «өз-өзіне оқ атқан». 

gov.kz

Алматы, NEGE. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Құрлық әскерінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаза тапқан сарбаз 2024 жылдың сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Ішкі істер министрлігінің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен қалалық бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Өскемен гарнизонының Әскери прокуратурасының бақылауында. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтыны айтылды.

Сонымен қатар оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков бастаған арнайы комиссия барып, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты