Қазақстанда су тасқыны кезінде 7 адам қаза тапты

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев елімізде су тасқынынан 7 адам көз жұмғанын растады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. «Атырау облысында төрт адам, Түркістан облысында бір бала суға батып қаза тапты. Осы фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, алдын ала тергеу жүріп жатыр», - деді Марат Қожаев.

Ол Абай облысы Аягөз ауданында трактордың үстіне мініп отырған, өкінішке қарай, қаза тапқан екі адамның өлімін де су тасқыны кезінде қаза тапқандар қатарына қосты.

«Оларды да су тасқынының құрбандары қатарына қосу керек. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шешім дайындап жатыр», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр