Ішкі істер министрлігінде жаңа комитет пайда болды

Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

gov.kz

Алматы, NEGE.Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

"Қазақстан Ішкі істер министрлігінде Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылсын", – делінген құжатта.

Өзгерістерге сәйкес, енді Ішкі істер министрлігіне мыналар кіреді:

  • Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
  • Әкімшілік полиция комитеті;
  • Көші-қон қызметі комитеті;
  • Есірткі қылмысымен қарсы күрес комитеті.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2024 жылы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі