Қазақстанда ішкі рейстерде биометрия енгізілмек

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев авиация саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралған Үкімет отырысында ішкі рейстерде биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілетінін мәлімдеді.

magnific.com

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, Q-Gate жүйесі (паспорттық бақылаудан өздігінен өтуге арналған автоматтандырылған мультибиометриялық терминал) бақылаудан өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартады.

Қазіргі уақытта Астана және Алматы әуежайларында 16 Q-Gate терминалы жұмыс істейді. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларының әуежайларында тағы 16 Q-Gate орнату жоспарланған.

«Келесі кезеңде ішкі рейстерде биометрияны енгізу көзделген. Пилоттық жоба Астана – Шымкент бағыты бойынша іске асырылады», – деп атап өтті Сауранбаев.

Сондай-ақ министр жүк тасымалы саласында e-Freight электрондық құжат айналымы жүйесі енгізіліп жатқанына тоқталып өтті. Оның сөзінше, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау жүктерді өңдеу мерзімдерін 1 күннен 1 сағатқа дейін қысқартуға және бизнес-процестерді толық цифрландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейсті жыл соңына дейін ашуды тапсырды

Көлік министрлігі ішкі әуе рейстерін қосылған құн салығынан босатуды ұсынды

СҚО-да ауыл әкімі көз жұмды: полиция суицид дерегін растады

LRT вагондарын бүлдіргендер 13 млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін