Қазақстанда шаруаларды қолдауға 700 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

Үкімет егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін кешенді шаралар қабылдауда.

Үкімет

Алматы, NEGE. Жеңілдетілген қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлінді, оның 502 млрд теңгесі игерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндады.

Егін жинау науқанын үздіксіз жүргізу үшін шаруаларға жеңілдетілген бағамен 422 мың тонна дизель отыны бөлінді. Жанар-жағармайдың қосымша көлемі астықты кептіруге қарастырылған.

«Егін жинау кезеңінде жауын-шашынға байланысты астықты кептіруге 39,9 мың тонна дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ элеваторлар үшін 16,4 мың тонна көлемінде сұйытылған газға қажеттілік анықталды»,

— деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қараша айында 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру іске қосылады.

Жеңілдетілген лизингке бөлінген 250 млрд теңгенің бүгінгі күні 8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 253 млрд теңгеге өтінім берілді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады