Қазақстанда шағын және орта бизнеске 1,7 трлн теңге қолдау көрсетіледі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Қазақстанда бизнестің кредиттеріне кепілдік беретін 2 қор құрылатынын хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол бизнестің несиелеріне кепілдік беру тетігі тиімді тәжірибе ретінде, соның ішінде басқа елдерде де өзін дәлелдегенін атап өтті. Сондықтан 2 кепілдік беру қоры құрылады. Оның бірі шағын және орта бизнеске арналады.

«Шағын және орта бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көлемі ұлғаяды. Биылдың өзінде 1,7 трлн теңге сомасына 30 мыңға жуық ШОБ жобасына қолдау көрсетіледі», - деді Серік Жұманғарин. Сонымен қатар елімізде ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін жаңа қор құрылатын болады.

Ірі бизнеске арналған кепілдік қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

Қазір оқып жатыр

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімнің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін