Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС-тің құрылысы қашан басталады?

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталады деп жоспарланып отыр.

magnific.com

Астана, NEGE. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов мәлімдеді. 

Оның мәліметінше, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапары кезінде Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты екі үкіметаралық келісімге қол қойылуы мүмкін. Оның бірі – АЭС құрылысына қатысты құжат болса, екіншісі – жобаны қаржыландыру мәселелеріне арналған келісім.

Сонымен қатар ведомство алғашқы АЭС-тің негізгі құрылысы Қазақстанда 2027 жылы басталатынын хабарлады. Бұл жөнінде «Росатом» басшысы Алексей Лихачев мәлімдеген.

Жоспарға сәйкес, АЭС 2030-жылдардың ортасында пайдалануға берілмек.

Еске салсақ, 16 мамырда Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Мәскеуде Ресейдің «Росатом» мемлекеттік атом корпорациясының басшысы Алексей Лихачёвпен кездесіп, Балқаш көлінің маңында салынатын болашақ атом электр станциясына дайындық жұмыстарын талқылаған болатын.

«Росатом» басшысы Алексей Лихачёвтің айтуынша,, жобаны жүзеге асыру үшін белгіленген аумақ шамамен бір жыл бойы жан-жақты зерттеледі. Кейін осы деректер негізінде станция сол жердің нақты ерекшеліктеріне бейімделіп жобаланады.

Қазір оқып жатыр

Әскерде басынан ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар жансақтау бөліміне түсті

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Қазақстанда бет-жүзін тұмшалағаны үшін мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Михаил Шайдоров Миландағы жеңісінен кейін жалақы алмай жүргенін айтты