Қазақстанда Roblox ойыны бұғатталуы мүмкін бе?

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанда Roblox онлайн ойынын бұғаттау немесе шектеу мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты.

Ойыннан скриншот

Астана, NEGE. Вице-министрдің айтуынша, Roblox бойынша App Store-ға да, Google Play-ге де ешқандай өтініш жолданбаған. 

«Онлайн платформаларда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды тіркеуге шектеу қою мәселесіне келсек, заңнамаға сәйкес Roblox онлайн платформа болып саналмайды. Сондықтан бұл нормалар қабылданған күннің өзінде, олар Roblox-қа әсер етпейді», – деді Евгений Кочетов Сенат кулуарында БАҚ өкілдеріне.

Сондай-ақ ол министрлікке ата-аналар қауымдастығынан Roblox платформасына қатысты ешқандай шағым түспегенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады