Қазақстанда референдум аяқталды

Кешкі сағат 20:00-де Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беру аяқталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, өңірде барлығы 10 249 референдум учаскесі жұмыс істеді.

Дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 12 млн 244 мың 683 азамат енген.

Орталық референдум комиссиясының кешкі сағат 18:00-дегі мәліметіне сүйенсек, ел бойынша 7 537 675 азамат бюллетень алған. Бұл тізімдегі азаматтардың 61,56 пайызын құрайды.

Соңғы мәлімет бойынша, шет елдердегі референдум учаскелерінде Қазақстанның 7358 азаматы дауыс берген.

Дауыс берушілер туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 21:00-де белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады