Қазақстанда оқушы қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды

Қазақстанда қыздарды жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бас мемлекеттік санитардың қаулысына сәйкес, 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі.

Жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына қарсы екпені салу үшін ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің келісімі алынады. Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, елімізде індетті жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұқтырады.

Жатыр мойны обыры – Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы және 25-44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің себептері бойынша екінші орындағы қатерлі ісік.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр