Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша үш пойыз іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.

«Қазақстан темір жолы» АҚ ҰҚ баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Мереке күндері жолаушылар санының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске қосымша үш пойыз шығарады. Сонымен қатар сұраныс жоғары бағыттарда қатынайтын пойыздарға қосымша 230 вагон тіркеледі.

Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 35 мың орын ұсынылады.

Қосымша пойыздар қозғалысы:

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

  • Алматыдан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
  • Астанадан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

  • Астанадан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
  • Шымкенттен: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы — 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

  • Ақтөбеден: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
  • Астанадан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды