Қазақстанда наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

15 ақпаннан бастап наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) тіркелу басталады. Өтініштерді қабылдау 25 ақпанға дейін жалғасады.

instagram/bilim_jane_gylym

Алматы, NEGE. Ұлттық біріңғай тестілеуге өтінішті «app.testcenter.kz» сайты немесе «UTO мобильді қосымшасы» арқылы беруге болады. Ал, тестілеу 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге 11(12) сынып оқушылары, ЖОО-да шартты түрде ақылы негізде оқып жатқан студенттер, алдыңғы жылдардағы мектеп және колледж түлектері, Қазақстан азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері мен шетелде білім алған жасөспірімдер қатыса алады. Тестілеу құны 5640 теңге.

Тіркелу кезінде қатысушылар емтихан тапсыру күні, уақыты мен орнын өздері таңдай алады.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды