Қазақстанда мемлекеттік наградаларға ұсыну ережелері өзгерді

Енді наградтау қағазын ресімдеу кезінде міндетті түрде еңбек жолы, ел мен халық алдындағы нақты еңбектері, сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы мәліметтері көрсетіледі.

Ақорда

Алматы, NEGE. Жекелеген жағдайларда ішкі істер органдарынан мінездеме талап етіледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ көпбалалы аналарды наградтауға қойылатын талаптар ретке келтірілді.

«Көпбалалы ана Қазақстан Республикасының азаматы болса ғана наградталады. Наградтау қағазын ресімдеу кезінде көпбалалы ананың балалары өзге мемлекет азаматы болса, паспорттарының куәландырылған көшірмелері және фотосуреттері қоса берілуі керек», - делінген министрлік хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды