Қазақстанда күн күрт суытады
«Қазгидромет» РМК 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Астана, NEGE. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.
«Жаңбыр жауады, солтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыста және оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, ал солтүстікте жауын-шашын мол болады», – делінген ауа райы болжамында.
Мамандар республика бойынша жел күшейеді деп болжап отыр, батыста және оңтүстікте бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
Тек елдің шығысында жауын-шашын түспейді. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 3–15 градусқа дейін төмендейді.