Қазақстанда коммуналдық желілерді жаңғыртуға 6,8 трлн теңге қажет
Коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға 6,8 трлн теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы елордада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлім етті.