Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Ішкі істер министрлігі бейнекамералар мен деректер базалары арқылы жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтті.

polisia.kz

Астана, NEGE. Ведомсвто өкілдерінің мәлімдеуінше, сақтандыру полисінің болмауы, сондай-ақ міндетті техникалық байқаудан өтпеуі әкімшілік құқықбұзушылық санатына жатады.

Қазіргі уақытқа дейін республика бойынша әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік деректер базаларының мәліметтерін пайдалану арқылы мынандай құқықбұзушылықтар анықталған:

  • сақтандыру полисі жоқ 5 мыңнан астам дерек;
  • техникалық байқаудан өтпеген 5,5 мыңнан астам дерек;
  • қауіпсіздік белдігін тақпауға байланысты шамамен 700 құқықбұзушылық;
  • сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегі анықталды.

«Цифрлық шешімдер жолдағы қауіпті әрекеттерді дер кезінде анықтауға, ықтимал салдардың алдын алуға және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген ІІМ хабарламасында.

Бұл ретте полиция өкілдері жүргізушілерді сақтандыру полисінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, техникалық байқаудан уақытылы өтіп, жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Жамбыл облысында екі оқушының мәйіті табылды