Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян әкелуге және шегуге тыйым салынбауы мүмкін. 

gov.kz

Астана, NEGE. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қазір аталған ұсыныстың талқыланып жатқанын айтты. 

«Қазақстан Республикасының аумағына тиісті құралдарды әкелуге рұқсат беру, тиісті жабдықты қолдану, сондай-ақ кальяндарда қолданылатын заттардың тізімі мәселесі қарастырылуда», – деді Әділов Сенатта. 

Сонымен қатар, оны ойын-сауық мекемелерінде пайдалану мен қолдану уақытына қатысты да ұсыныстар енгізілген. Аталған мәселеге қатысты тағы да қосымша қоғамдық тыңдаулар болады. 

Ал вейптерге қатысты тыйымды алып тастау немесе жеңілдету мәселесі тіпті қарастырылмайды. Керісінше, бұл бағытта жазалау шаралары күшейтілмек.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

Қаракемердегі жасөспірімдер қазасы: ІІМ бес қылмыстық іс тіркелгенін растады

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?