Қазақстанда кейбір емханаларға бөлінетін қаражат қысқаруы мүмкін

Емханаларда медициналық көмекке жүгінбейтін пациенттер анықталса, қаржыландыру көлемі қысқарады.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жаңа қаржыландыру моделі медициналық ұйымдарда ұзақ уақыт бойы медициналық көмекке жүгінбейтін пациенттердің, сондай-ақ сақтандырылмаған адамдардың үлесі жоғары болып сақталған жағдайда қаржыландыру көлемі азаяды», – делінген хабарламада.

Осылайша, министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, қаржыландыру тікелей пациенттердің нақты қаралу жиілігіне және олардың МӘМС жүйесіне мәртебесіне тәуелді болады.

Бұл шара алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Созылмалы ауруларды ерте анықтауға, скринингтер жүргізуге және диспансерлік бақылауды кеңейтуге ерекше назар аударылмақ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды