Қазақстанда кей лауазымдарға өмір бойына тыйым салудың заңдылығы тексерілмек

Қылмыстық кодекстің белгiлi бiр лауазымды атқару құқығынан айыруды көздейтін нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш іс жүргізуге қабылданды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Конституциялық сот өкілдері хабарлады.

Өтініш беруші мемлекеттік қызметші болып саналмайтын және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнаулы субъектісінің белгілері жоқ адамға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салудың Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұраған. Оның пікірінше, бұл әділеттілік пен жауаптылықты даралау қағидаттарын бұзып, сондай-ақ еңбек ету құқығы мен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын шектеуі мүмкін.

Конституциялық сот енді өтініш беруші келтірген 50-баптың Конституцияға сәйкестігін тексеріп, бұл норма бойынша алдағы уақытта қорытындысын жариялайды.