Қазақстанда қандай жобаларда қаржы пирамидасының белгілері бар?
Қазақстанда қаржы пирамидаларына қатысты шағымдар азаймай тұр. Әсіресе әлеуметтік желілер арқылы таралатын «жылдам табыс», «100% кепілдендірілген пайда» секілді жарнамалар азаматтарды жиі жаңылыстырады.
Алматы, NEGE. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жобалардың артында нақты бизнес емес, тек жаңа қатысушылардың қаражатына негізделген қауіпті жүйе жатыр.
Қаржы пирамидаларының схемасы қарапайым болғанымен, оның салдары ауыр. Алғашында жүйеге кірген адамдарға белгілі бір көлемде пайда төленеді. Әлбетте, аз сомада болсын төленген қаражатты көрген адамның бойына сенім ұялайды. Бұл – қаржы пирамидасына адам тартудың ең тиімді тәсілі. Осылайша, күмәнді ұйымға сенімі артқаннан кейін әр адам басқаларды да шақыруға тырысады. Нәтижесінде ақша айналымы тек жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүзеге асады. Алайда бұл процесс ұзаққа созылмайды. Жаңа адамдар саны азайған сәтте жүйе күйреп, мыңдаған адам қаржысынан айырылады.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мұндай заңсыз әрекеттермен күресті күшейткен. Агенттік мәліметінше, қаржы пирамидасының белгілері бойынша бірқатар жобаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
ҚМА сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған жобалардың қатарында: «Innovational Financial Cooperation» (БСН 200340001094), «Partners & Consultants»/«Evroasia Global Investment» АҚ/ «Evropa Investment» ЖШС (БСН 130240013504, 131040022297), «NeoETF», «ELL QUATY» ТК (БСН 190340028562), «Aiko Gold», «Boxy Wealth», «Амир Капитал», «NBC TV», «BeFree», «CYBER MATRIX», «Sirius Energy Limited» ЖШС (БСН 180640025864) бар.
Сонымен қатар, бірқатар істер бойынша тергеу аяқталып, материалдар сот қарауына жіберілген. Мысалы, «Amanat home» ТК (БСН 180640023104), «Takorp», «GPIBS», «Live Good Kazakhstan» ЖШС (БСН 240940020967), «Sax Invest», «Buyers Union» ТК (БСН 240640009132), «AIF», «Mooni Gold», «UILI BOLAIYQ қайырымдылық қоры» ҚҚ (БСН 240340029344), «Imrat Group», «Nur Gold», «Үміт самғау» ЖШС, «Amanat drive» ТК (БСН 200340001094), «ЖК Asar Baspana» ТК (БСН 190240013491), «Рахат 0425» ЖШС, «Concord» секілді жобалар бойынша істер қазіргі таңда сотта қаралуда.
Ал кейбір жобаларға қатысты тергеу ақталмайтын негіздермен тоқтатылған.
Олардың ішінде «Бахыт мебель», «Sweet Money», «5000#20000», «3000#9000» мессенджер чаттары, «Доверие», «Реализуй мечту», «Ayba-Жанұя» ТК (БСН 170940006202), «Quasar», «Platincoin», «Carhomi», «Дари, получай», «Magis», «Asar baspana» ТК (БСН 190240013491), «Granat», «Энигма»/Matrix boom, «Phenomenal club», «MetaMediaLab», «Life Stayler», «One Shop World/One SW» (БСН 240440013926), «TOPAZ», «Rine BNB», «Fashion Star», «Bit-X-club» және басқа да жобалар бар.
Қаржы пирамидасын құру және ұйымдастыру фактілері бойынша сот үкімі шыққан жобалардың саны да аз емес. Олардың қатарында «LV Force», «Qnet», «Unique Finance», «Елімай-2019» ТК (БСН 191040035160), «B2B Jewerly», «FastVic» ЖШС және «Caspian Crocus» ЖШС (БСН 200540021140, 210140037035), «World Business Consulting», «Finiko», «Innova Gold», «Qozqan» (БСН 210240024136), «Investment Consulting Agency» (БСН 171240007248), «Antares», «Eden life»/«MMK Investment» (БСН 210840006645), «Шаңырақ » («Best Road Investment» ЖШС, БСН 190740028874), «Sincere Systems» (БСН 201140020428), «Семейный капитал» (БСН 190940012270), «River Coins Limited», «Денежный поток», «Великое будущее», «Мебельный проект Нур», «Лидер Капитал 168» МҚҰ (БСН 150340016650), «Ата-мекен 2021» ТК (БСН 210540014070), «Hermes LTD» (БСН 020140005831), «Life is good», «Свой дом», «GAP» ТК (БСН 210140016449), «Otau KZ ТК» (БСН 180640020111), «Ақ үй Арман» ТК (БСН 200940015100), «Auto Seller» (БСН 220340001905), «Qaz home» ТК (БСН 210440011395), «VIP COIN GOLD», «World money», «Energy Eolus Qazaqstan» (БСН 620500304351), «HomeAvtoInvest» ЖШС (БСН 160940013154), «Metago», «Hit Beat Music», «Bitlime», «Charoit», «Капитал мечты», «Befree», «Sterling Invest» (БСН 221040047162), «JDL», «OneCoin», «Bivexo group LTD», «Nazira Gold», «Қазмұнайгаз Инвест», «Ansar Gold», «Matic Basket», «HRT», «Data AI Kazakhstan», «Happy Life KZ» ЖШС (БСН 160640000181) және басқа да көптеген жобалар бар.
Бұл тізімдерден қаржы пирамидаларының түрлі форматта, тіпті мессенджер чаттары арқылы да жұмыс істей беретінін көруге болады.
Мамандардың айтуынша, азаматтар көбіне жоғары табысқа деген қызығушылықтың салдарынан қауіп-қатерді ескермейді. Көп жағдайда жобаның заңдылығын тексермей, таныстарының сөзіне сеніп ақша салады. Нәтижесінде қаржылық шығынға ұшырап қана қоймай, психологиялық күйзеліске де түседі.
Мұндай жағдайда қарапайым ережелерді ұстанған жөн. Егер жоба қысқа мерзімде жоғары табыс уәде етсе, нақты өнім немесе қызмет ұсынбаса және жаңа қатысушыларды тартуға негізделсе, бұл – қаржы пирамидасының белгісі болуы мүмкін. Қашан да сақтық танытып, ресми ақпарат көздеріне жүгіну қажет.