Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық несиелер бойынша сараланған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі енгізіледі.

magnific.com

Астана, NEGE. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлескен қаулы қабылдады. 

Қаулыға сәйкес, егер қарыз алушы бастапқы жарна ретінде тұрғын үй құнының кемінде 30%-ын төлесе (LTV 70%-дан аспаса), онда ең жоғары мөлшерлеме 20% болады. Ал бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, мөлшерлеме 25%-ға дейін өсуі мүмкін.

Осылайша, банктер бастапқы жарнасы төмен ипотекалық несиелерден көбірек табыс таба алады. Қазір мұндай несиелер олар үшін аса тиімді емес.

Ал 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің қолданыстағы шекті мөлшері 25% деңгейінде сақталатын болады.