Қазақстанда интернет неге дұрыс істемей қалды?
Жекелеген интернет-ресурстардың жұмысындағы уақытша ақауға магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдануы себеп болған. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.
Астана, NEGE. «Қазақтелеком» АҚ мәліметінше, құрылыс жұмыстары кезінде техника халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған.
Оқиғадан кейін мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырды. Соның арқасында байланыс толық өшіп қалған жоқ.
Қазір зақымданған желіні қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.