Қазақстанда халық саны қаншаға жетті?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы жаңартылған деректерді ұсынды.

gov.kz

Астана, NEGE. Жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен. Оның ішінде:

  • әйелдер – 10 477 240;

  • ер адамдар – 10 018 735.

Бюро мәліметінше, Қазақстандағы қала халқының саны – 13 029 803 адам, ал ауыл халқының саны 7 466 172 адам болған.

2025 жылдың басымен (20 283 399 адам) салыстырғанда халықтың жалпы өсімі – 212 576 адам. Оның ішінде халық саны:

  • табиғи өсім есебінен – 196 423 адамға,

  • көші-қон сальдосы есебінен – 16 153 адамға артқан.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған