15 апреля 2025 г. 16:54

Қазақстанда ғашықтар мерекесі тойланып жатыр

Фото: ғаламтордан

Қазақстанда 15 сәуірде ғашықтар мерекесі  – «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» күні тойланады. 2011 жылдан бастап «Ұлттық ғашықтар күні» аталып өтіледі.

Алматы, NEGE. Ондағы мақсат – көпшілікке махаббат, адалдық пен адамгершілік сияқты нағыз биік сезімдерді насихаттау. Бұл мейрам ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, халық ауыз әдебиетіндегі ғашықтар Қозы мен Баянның махаббат хикаясына арналған.

Ғашықтар күніне орай бірқатар іс-шаралар жоспарланған:

• «Астана Балет» театры – екі бөлімнен тұратын «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» эпостық балеті;

• Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – «Қозы мен Баян» трагедиясы;

• Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры – «Сезім хаттары» қойылымы;

• Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры – опера солистері Венера Алпысбаева мен Нұржан Бажекеновтың «Екеуге арналған гармония» атты концерті;

• Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі – «Махаббат мәңгі ертегі» концерті;

• Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры – «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы.