«Қазақстанда ет Африкадан арзан» – «Бәйтерек» басшысы Қарағойшин

«Бәйтерек» холдингінің басшысы Рустам Қарағойшин Үкіметте өткен брифингте Қазақстанда ет арзан екенін мәлімдеді.

pixabay.com

Астана, NEGE. Қарағойшин еттің бағасы туралы мәліметті ChatGPT-ден сұрап білген.

«Қазақстанда бүгінде еттің бағасы шын мәнінде төмен. Қазір барлығы ChatGPT және басқа да чаттарды пайдаланады. Сол жерге "әлемдегі ет бағасы" деп енгізсек, ең арзаны – Африка құрлығында, шашамен 0,47 цент тұрады. Бізде одан да арзан. Мұндай салаларда технологиялардың өзін-өзі ақтауы өте қиын. Бұл үшін субсидиялар және басқа да қолдау құралдары бар екені түсінікті», – дейді «Бәйтерек» басшысы.

Сондай-ақ, ол Google мәліметтеріне сүйеніп, Ресейде сиыр еті Қазақстанға қарағанда қымбат (шамамен 15 доллар) екенін білген.

Қазір оқып жатыр

Ірі авиакомпаниялар жанармай бағасының қымбаттауына байланысты рейстерді азайтып жатыр

Маңғыстау облысында жылқылар қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі