Қазақстанда енді несие мөлшері табысынан асып кеткендерге қарыз берілмейді

Қазақстанда енді несие беретін кезде қарыз алушының кірісі мен қарыз көлемінің қатынасы ескеріледі.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРРД) жаңа пруденциалды стандарт құрамын кеңейтетін қаулы қабылдады.

"Енді барлық несие бойынша жалпы қарызының оның жылдық кірісіне арақатынасы есептеледі", – деп түсіндірді агенттік.

Қарыз ай сайынғы табысының 50 пайызынан асып кетпеуі керек.

Бірінші кезеңде агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдарының ақпараты негізінде мониторинг жүргізеді. Ал екінші кезеңде 2025 жылы коэффициенттің нормативті мәні белгіленеді.

"Жаңа стандарт азаматтардың несие жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеп, қарызы кірісінен бірнеше есе асып кетпеуіне мүмкіндік береді", – делінген ведомствосында.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты