Қазақстанда екі айда 174 адам өз-өзіне қол жұмсап көз жұмған

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 21 121 адам қайтыс болған, деп хабарлайды  Ұлттық статистика бюросы.

Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Есепке сәйкес, 13 273 адам қалада, ал 7 848 адам ауылдық жерлерде көз жұмған. Яғни, өлім-жітім қалалықтар арасында жоғары болып отыр.

Өлім-жітімнің негізгі себептері:

  1. Қан айналымы жүйесі аурулары – 5 260 адам
  2. Жүйке жүйесі аурулары – 3 563 адам
  3. Тыныс алу мүшелерінің аурулары – 2 263 адам
  4. Жаңа түзілімдер (ісік, қатерлі ісік және т.б.) – 2 237 адам
  5. Жүрек аурулары – 1 838 адам
  6. Ми қан тамырларының зақымдануы – 1 701 адам
  7. Ас қорыту жүйесі аурулары – 1 648 адам
  8. Жазатайым оқиғалар, уланулар мен жарақаттар – 1 335 адам
  9. Қант диабеті – 818 адам
  10. Тұмау және өкпе қабынуы (пневмония) – 665 адам
  11. Инфекциялық және паразиттік аурулар – 160 адам
  12. Гипертония (жоғары қан қысымы)– 118 адам
  13. Ішек инфекцияларынан – 4 адам

Басқа да тіркелген өлім себептері:

  • Жол апатынан – 224 адам
  • Суға батып қаза тапқандар – 13 адам
  • Өз-өзіне қол жұмсағандар – 174 адам
  • Қасақана кісі өлтіруден қайтыс болғандар – 67 адам
  • Алкогольден уланғандар – 54 адам

Мамандардың айтуынша, қоғамдық денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алубойынша шараларды күшейту қажет. Әсіресе жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және жүйке жүйесі ауруларыбойынша алдын алу мен ерте диагностика маңызды болып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды