Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни сұрақтарға жауап беретін Imam AI жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр.

ҚМДБ

Астана, NEGE. Басқарма мәліметінше, жасанди интеллект негізіндегі Imam AI пилоттық жобасы мамыр айында іске қосылады.

«Imam AI жобасы заманауи технологияларды қолдану арқылы жамағатқа жедел әрі сапалы ақпарат ұсынуды, сұрақтарға жедел жауап беру жүйесін қалыптастыруды көздейді», – делінген мүфтият хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Ермұрат Бапи Діни басқарманы әлеуметтік желілердегі деструктивті діни насихатқа әлсіз жауап беріп отырғаны үшін сынға алған еді. Ол мүфтиятты өз жұмысын қайта қарап, адамдарды деструктивті уағыздың ықпалында қалдырмас үшін цифрлық кеңістікке белсенді шығуға шақырған.

Қазір оқып жатыр

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады