Қазақстанда британиялық Белфаст Корольдік университетінің филиалы ашылады

Бұл туралы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Британиялық Белфаст Корольдік университеті Қазақстанда филиал ашып, ғылыми-зерттеу бойынша ынтымақтастық орнатқалы отыр. Сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім беру технологиялары саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырады.

Лондонда тараптар өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды.