Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

Экология министрлігі 28 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелгенін хабарлады.

24.kz

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, орман өртінің шығуына, негізінен, найзағай түсуі себеп болған.

Өрт тұтанған аумақтар: 

  • Ақмола облысы – 1 өрт;
  •  Алматы облысы – 1 өрт;
  • «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – 2 өрт;
  • «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – 1 өрт.

«Өртті ерте анықтау жүйесі арқылы өрт ошақтары дер кезінде анықталып, жедел оқшауланды. Орман күзеті қызметкерлері мен "Қазавиаорманқорғау" РМК мамандарының үйлесімді іс-қимылының арқасында өрттің таралуына жол берілмей, барлығы қысқа мерзімде толық сөндірілді», – деп хабарлады Экология министрлігі.

Бұл ретте министрлік өкілдері ел тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және Қазақстанның орман байлығына ұқыпты қарауға шақырады.