Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Қазақстанда Аи-92 маркалы бензин мен жазғы дизель отынының бөлшек бағасы біртіндеп өсуі мүмкін.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлімдеді. Бұл отын түрлерінің бағасын көтеруге мораторий 2025 жылғы 16 қазанда енгізіліп, биыл 31 наурызға дейін күшінде болды.

«Өткен жылғы тәжірибе көрсеткендей, жалпы алғанда күрт өсім болмайды. Баға біртіндеп көтеріледі», – деді ол журналистерге.

Алайда вице-министр жанар-жағармай бағасы нақты қанша пайызға өсетінін нақтыламады.

Үкімет коммуналдық тарифтерге, бензин мен дизель отынына және басқа да бағаларға мораторий енгізген болатын. Биыл сәуір айының басынан бастап мотор отынына қатысты мораторий күшін жойды. Соған қарамастан, елордадағы жанармай құю станцияларының көбінде Аи-92 литрі 235–237 теңге аралығында сатылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты