Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге кіруге шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірленді. 

primeminister.kz

Астана, NEGE. Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында V Ұлттық құрылтайда көтерілген ұсыныстардың орындалу барысы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, Ұлттық құрылтай мүшелерінің бастамаларын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысы жалғасуда.

Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қол жеткізуін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн платформалар мен масс-медиаға қатысты заңнамаға бірқатар өзгерістер мен түзетулер әзірлеген. Құжаттар тиісті сараптамадан өтіп, көпшілік талқылауына шығарылады.

«Пайдаланушылардың жасын тексеру механизмдері әзірленуде. Жауапкершілік шараларын қарастыруды жоспарлап отырмыз», – деді вице-премьер.

Жаңа заңнамалық бастамалар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және интернеттегі зиянды контенттен қорғауға бағытталған. Қоғамдық талқылау барысында тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері ескерілмек.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?