Қазақстанда ажырасу үшін төленетін баж салығы өсуі мүмкін

Депутаттар некені бұзу кезіндегі төленетін мемлекеттік бажды 0,5 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін көтеруді ұсынды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Менің ойымша, кейбір депутаттардың ұсыныстары жақсы бастама. Осы орайда АЕК деңгейін (ажырасуға өтінім бергендерге) тағы да көтеру керек деп айтар едім, – деді депутат Берік Бейсенғалиев.

Ол мұны қазақстандықтардың жеке өміріне араласу деп санамайтынын мәлімдеді.

«Қалай болғанда да, бажды көтеру туралы ұсыныс бюджетті толықтыру мақсатында жасалмады. Осы ұсынысқа бастамашы болған депутаттардың ойынша, бұл шешім ажырасу алдында адамдар бір сәт ойланып, салмақты шешім қабылдауы үшін жасап отыр, яғни ажырасуда эмоцияға салынбауы керек. Бұл тұрғыда «1000 теңге, әлде 20-30 есе артық төлейсің бе?» – айырмашылық бар. Мамандардың пайымынша, жаңа қадам (баж салығының өсуі) асығыс шешім қабылдауға тосқауыл қоюы мүмін», – деді депутат.

Қазір оқып жатыр

«Кінәмді ішінара мойындаймын»: блогер Эльмира Төлегенова сотта көз жасына ерік берді

«146 млрд теңге кем түсті»: теңгенің нығаюы бюджетке кері әсер еткен

«Өзін полицей ретінде көрсетеді»: алаяқтар жұртты ЖИ көмегімен алдауға кіріскен

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтиханын шексіз тапсыруға мүмкіндік берілмек