Қазақстанда автожол саласында кадрлар даярлау күшейтіледі

Жол саласында кадрларды сапалы даярлау үшін биыл Қазақстанда «Көлік құрылысы» мамандығының жеке бағыты ашылды, деп хабарлайды Үкімет. 

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «ҚазжорҒЗИ» АҚ Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен жұмысының нәтижесінде жыл сайын 1000-ға дейін грант бөлу туралы келісімге қол жеткізілді, оның ішінде 10-ы докторантураға. Институт өз күшімен жыл сайын 250-ден астам автожол саласының мамандарын даярлайды. Сонымен қатар, автожол саласы мамандарының біліктілігін міндетті түрде 5 жылда кемінде 1 рет арттыруды енгізу нормасы қолдау тапты және Парламент Мәжілісінде қаралуда.

Сонымен қатар салалық біліктілік базасы – JOLSHY құрылды, онда әрбір маманға рейтинг беріле отырып, автожол саласына тартылған барлық мамандардың, инженерлер мен студенттердің тізілімі қолжетімді болады.

Қазір оқып жатыр

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді