Қазақстанда авторлар мен пайдаланушыларға арналған бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады

Сонымен қатар депутаттар зияткерлік меншік туралы заңға ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдары қызметінің ашықтығын арттыруға және авторларға авторлық сыйақыны әділ бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған түзетулер енгізуді ұсынды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Осы мақсатта нақты есепке алу мен деректердің сенімділігін қамтамасыз ететін авторлар, пайдаланушылар және ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды электронды форматқа көшіретін бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі. Сонымен қатар 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдары шығыстарының үлесі жиналған авторлық сыйақы сомасы 30-дан 20 пайызға дейін қысқартылады.

Бұл авторлар мен авторлық құқық иелеріне төлемдерді 70-тен 80 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады