Қазақстанда ауыз суды пайдаланатын көлік жуу орындарының жұмысына тыйым салынады

Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдады.

Pixabay

Алматы, NEGE. Бұл кодекс бойынша шағын көлік жуу орындарынан бастап ірі зауыттар мен кемелерге дейін арнайы су пайдалану рұқсатын алуға міндетті.

«Ауыз суды пайдаланып, оны кәріз жүйесіне ағызатындарға жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Көлік жуу орындары тек айналымдағы су жүйесі болған жағдайда ғана жұмыс істей алады», – деді депутат Павел Казанцев.

Кәсіпорындарға айналымдағы су жүйесін енгізу үшін екі жыл уақыт берілгенін Казанцев ерекше атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Нафтогаз» бен «Газпром» дауы: Қазақстан сот шешімін орындаудан бас тартты

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді