Қазақстанда алғаш рет «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

– Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;

– Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

– Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;

– Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;

– Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады