Қазақстанда алғаш рет интернеті бар пойыз жолға шықты

Бүгін елордадан №3/4 «Астана-Алматы» бағыты бойынша жүретін пойыз жолға шықты.

ҚТЖ

Алматы, NEGE. Бұл пойыз интернетке қосылған Қазақстандағы алғашқы жоба болды. Жаңашылдық спутниктік технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылып, алғашқы рейсте 500 жолаушы интернеттің артықшылықтарын пайдаланып үлгерді.

Сапар барысында жолаушылар WhatsApp арқылы хабар алмасып, YouTube-тан бейнелер көріп, басқа да танымал интернет сервистерін пайдалана алады. Дегенмен, торренттер мен жүктеу сайттарына қосылу шектелген. Локомотивке орнатылған заманауи спутниктік жабдық бүкіл маршрут бойы тұрақты әрі жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етеді.

Жобаның жүзеге асырылуы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Көлік министрлігі, «Jusan Mobile» телекоммуникация компаниясы және Қазақстандағы Eutelsat-OneWeb ресми дистрибьюторының серіктестігі арқасында мүмкін болды.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан