Қазақстанда алғаш рет дене шынықтыру мұғалімдері спорт федерацияларынан жаттықтырушы сертификаттарын алды

Қазақстанда алғаш рет біліктілігін арттыру курстарынан өткен дене шынықтыру мұғалімдері тек мемлекеттік үлгідегі куәлікпен ғана емес, сонымен қатар еліміздің жетекші спорт ұйымдары – Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мен «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығынан жаттықтырушы санаты берілген сертификаттарға ие болды. Бұл құжаттар педагогтарға жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіби өсуіне жол береді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Курстарды ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастырды. «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы (80 академиялық сағат) бағдарлама 2025 жылғы 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында онлайн-форматта өтті. Оған жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 22 педагог қатысты.

Орталықтың білім беру бағдарламалары Оқу-ағарту министрлігінің бекітуімен ресми білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген (ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығы).

Курс барысында тыңдаушылар нормативтік-құқықтық негіздерді, психологиялық-педагогикалық тәсілдерді, дене шынықтыруды оқытудың заманауи әдістемелерін, денсаулықты сақтау технологияларын, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің жолдарын меңгерді. Сондай-ақ мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы мен IT-құзыреттілігін дамытуға көңіл бөлінді.

Оқыту қорытындысы бойынша барлық қатысушы қорытынды сынақтан сәтті өтіп, үш түрлі сертификат алды: Ұлттық дене шынықтыру орталығының, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының және Қазақстан футбол федерациясының сертификаттары.

«Бұл – мектеп спортының дамуына тың серпін беретін және дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін мойындаудың айқын дәлелі. Енді педагогтар тек мұғалімдік құзыретпен ғана емес, спорттық федерациялар ресми растаған жаттықтырушы санатымен де жұмыс істей алады», – деді ұйымдастырушылар.

Жоба дене шынықтыру пәнін оқыту сапасын арттыруға, мұғалімдердің әдістемелік мүмкіндіктерін кеңейтуге және білім беру жүйесі мен кәсіби спорт арасындағы байланысты нығайтуға бағытталға

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты