Қазақстанда алдағы үш жылда 1,2 трлн теңгеге 200-ден астам жоба қаржыландырылады

Қазақстанда үш жылдық кезеңде жалпы сомасы 1,2 трлн теңге болатын 200-ден астам жоба қаржыландырылатын болады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды таныстыру кезінде хабарлады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестицияларға тапсырыс» бастамасы аясында 5%-дық жеңілдетілген кредит беру бағытын кеңейту жоспарлануда, ал «Даму» қоры агробизнестің қарыздарына 80%-ға дейін кепілдік беретін болады.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатындағы жерлерді беруге арналған конкурстар электронды түрде комиссияның қатысуынсыз өткізіледі.