Қазақстанда алдағы күндері қатты аяз болады
Синоптиктер алдағы үш күнге – 13, 14, 15-қаңтарға арналған күн райы болжамын ұсынды.
Астана, NEGE. Бұл күндері еліміз бойынша аяз күшейеді.
«Күнтізбелік қыстың басталуымен Қазақстан тұрғындарын жылы ауа райы қуантты. Алдағы күндері ол өз құқықтарын айқын сездіреді: Жаңа Жер аудандарынан Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді.
Ол республика аумағы арқылы жылдам қозғалып, алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Мамандардың болжамынша, 14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30–38 градус аязға дейін төмендейді.
Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болмақ: елдің солтүстік жартысында кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.