Қазақстанда алаяқтық күдігімен Кореяның 14 азаматы ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 23 шілдеде Корея Республикасының 14 азаматы ұсталғанын хабарлады.
Астана, NEGE. Ведомство ақпаратынша, Корея азаматтары ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінген.
Кореялықтардың тұрғылықты жерін тінту кезінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленген.
Ұсталған шетелдіктер процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.
Корея Республикасының құқық қорғау органы оларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді бастап кетті.